КІРІСПЕ
Информацияның берілісі және түрлендіруі және ол көмегімен басқару бұл автоматтық басқару курсында оқытылатын техникалық мәселелер класы.
Басқару деп басқарылатын нысанаға бұйрықтық информация беру арқылы мақсатты бағыттағы әсер ету, яни беелгілі бір мақсатқа жету үшін әсер ететін басқару әсері.
Басқару иерархиясы бұл көпдеңгейлі құрылым.
Басқарудың төменгі деңгейі берілген режимдерді қадағалайтын және тұрақтандыратын, нысана жайында инфомация жинайтын жергілікті жүйелермен ұсынылады.
Екінші деңгей – бұл технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жұйесі (ТҮБАЖ). Бұл деңгейдің мәселесі де информация ағымдарын басқаруда, бірақ жергілікті жүйелерден айырмашылығы бұл деңгейде информацияны алу, өңдеу және ұсыну процестері түгелдей автоматтандырылған. Бұдан басқа, бұл деңгейде басқару процесінде нысана жөнінде алынғаг информация базасындағы басқарушы есептеу комплекстері қолданылуы мүмкін, процес қарқынында басқару алгоритмдерін құру және іске асыру жүргізіледі.
Үшінші деңгей – бұл мекемені басқарудың автоматттандырылған жүйесі (МБАЖ). Бұл жағдайда бүкіл мекеме жұмысының өнімділігін анықтайтын жоспарлы-экономикалық мәселелер шешіледі.
Басқарудың кез-келген түрінде үш деңгейдің барлығында да келесі кезеңдер орындалады:
1. Насана жағдайы туралы информация жинау.
2. Алынған информацияны анализдеу және өңдеу. Осының негізінде нысанаға әсердің, яғни, басқару әсерінің қажеттігі және сипаты жөніндегі шешімдер қалыптастырылады.
3. Техникалық құралдар көмегімен материалдық және энергетикалық ағымдарды өзгерту жолымен қабылданған шешімді іске асыру.
Басқарушы әсер оған келіп түсетін «хабар беруші информацияны», яғни, нысана жұмысының шын жағдайы, оның жағдайы жөніндегі информацияны өңдеу жолымен басқарушы құрылғыда қалыптасады. Бұдан басқа, басқарушы нысанадан басқару әсерін жібергеннен соң алынатын, басқару нәтижесі жөніндегі информациялар бар. Басқарушы әсер өз кезегінде басқару нәтижесі туралы информацияға тәуелді. Осылайша, басқару теориясында кері байланыс деп аталатын жабық шеңбер пайда болады.
Кері байланыс принципі барлық басқару принциптері негізінде және адамның барлық өмір қызметі негізінде жатыр.
Автоматтық басқару теориясы дамуында негіз қалаушы жұмыстар Дудникова Е.Г., Солодовникова В.В., Бесекерского В.А., Попова Е.П., Пугачева В.С., Фельдбаума А.Г., Шаталова А.С., Софиева А.Э. және т.б. жұмыстары болып саналады.
Бұл оқу-әдістемелік нұсқау техникалық мамандықтағы студенттерге арналған Автоматтық басқару теориясы бойынша типтік бағдарламаларға сәйкестендіріліп жазылған және түзу сызықты және қисықсызықты жұйелер сипаттамалары және қасиеттері, осы жұйелерді зерттеу әдістері жөнінде мәліметтер беру мақсатына ие болды. Теориялық материалдардың практикалық қолданылуы түзу сызықты және қисықсызықты жүйелерді есептеу бөлімінде нақты мысалдарда келтірілген және курстық жұмыстарды, жеке тапсырмаларды және студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға қолданылуына болады. Нұсқа соңында курстық жұмыстар және жобалар негізінде қолданылуына болатын түзу сызықты және қисықсызықты жүйелерді есептеуге тапсырмалар келтірілген.